Өңірлердің су тасқынына дайындығы мен төтенше жағдайларға шаралар
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің жетекшілігімен республикалық штабтың отырысы өтті. Онда 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне өңірлердің дайындығы талқыланды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режимде қатысып отырды.
Су көлемі мен қауіпсіздік шаралары
Қазіргі уақытта "Шардара" су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 200 текше метр су жіберілуде. Оның 50 текше метрі "Көксарай" су реттегіші арқылы өтеді, нәтижесінде аймаққа секундына 179 текше метр су түсуде. Ақпанның 13-інен бастап Сырдария өзенінде мұз жүріп жатыр.
Алдын алу шаралары
Ықтимал су тасқынының алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар жоспары бекітіліп, іске асырылуда. Су басу қаупі бар аймақтарға жауапты мекемелер арнайы техника мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қор жеткілікті, сондай-ақ, халықты көшіру пункттері дайын.
Кезекшілік және дайындық
Жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар және су шаруашылығы мамандары тәулік бойы кезекшілік атқаруда. "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамымен келісімшарт бойынша 1 тікұшақ дайын тұр. Мұз жару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мамандандырылған мекемемен келісім жасалды.
Бұрынғы жұмыстар
Өткен жылы 199,1 млн. теңге қаржы жұмсалып, 11 нысанның қорғаныс бөгеттері жөнделіп, қалпына келтірілді. Сонымен қатар, бюджеттен тыс көздер арқылы 1 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді.




