Ақтау қаласында дін мәселелері бойынша конференция өтті: теологиялық білім мен экстремизмге қарсы шаралар талқыланды
10-11 қазан күндері Ақтау қаласында дін істері бойынша біліктілікті арттыруға арналған конференция өтті. Шараны Маңғыстау облысы дін істер басқармасы ұйымдастырды. Конференцияға Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істер комитетінің оңалту жұмыстарын үйлестіру басқармасының басшылары, облыс әкімінің орынбасары, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының дін істері басқармасының бөлім басшылары, теологтар, психологтар, мешіт имамдары және басқа да мамандар қатысты.
Конференцияның мақсаты
Конференцияның негізгі мақсаты діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау, теологиялық білім беруді жетілдіру және діни экстремизмнің алдын алу мәселелерін талқылау болды. Жиынға 80-ге жуық қатысушы жиналды. Теолог мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасу жүргізді.
Сарапшылардың баяндамалары
Конференция барысында ҚР ҰҚК академиясының оқытушысы, психолог Абдукеева Акмарал Сихымбайқызы «Психдиагностикалық тұлға» және «Профайлинг» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Шараның ұйымдастырылуы мен жүргізілуі өте нәтижелі болды. Конференция барысында теологиялық білім беруді жетілдіру және діни экстремизмнің алдын алу бойынша өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

